Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК
2026 жылдың 14 шілдесінде Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесі, Үрімші қаласында Еуропа мен Азия мемлекеттері арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Бір белдеу – бір жол» халықаралық мәдени-өнер байқауы өтті. Аталған байқауда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның «Жауқазын» би тобы ел намысын абыроймен қорғап, жоғары жетістіктерге қол жеткізді. «Ұлы дала жастары» және «Корей» билерімен Бас жүлдені иеленсе, Айнабұлақ ауылы филиалының бишілері «Бипыл» биімен І орынға лайық деп танылды. Бұл – талантты бишілердің қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ жетекші ұстаз Б.Д. Жанысбаеваның тынымсыз ізденісінің жарқын жемісі. Жеңімпаз бишілеріміз бен жетекші ұстазымызды айтулы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Өнер жолында толағай табыстарға жетіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер! Сондай-ақ, жас өнерпаздарға әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіріп жүрген ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлескен еңбектің нәтижесі әрдайым жемісті болсын!