Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

 ТАРИХЫ

   1958 жылы аудандық мәдениет үйі жанынан музыкалық студия ашылды. Осы студияда  ерлі-зайыпты Людмила, Яков Крузе жұмыс істеді.

1962 жылы Қазақ ССР Министрлер кеңесінің Зайсан қаласында 40-50 балаға арналған музыка мектебін ашу туралы қаулысы қабылданды. Мектеп директоры болып Яков Крузе тағайындалды.

1963-1964 жылдары Романюк Владимир Федорович басшылық қызмет атқарды. Ең алғаш баян сыныбын ашты.1964-1965 жылдары мектепті Долматова Валентина Денисовна басқарды.

1965-1967 жылдар аралығында  Нұржанов Хамит Нұғманұлы басқарды.

1967-1969  жылы Сорока Юрий Семенович басқарды. Бала саны 100 ге жетті.

1969-1976 жылдары  Нуржанов Хамит Нұғманұлы қайта  директор  болып тағайындалды.  Бұл кезде оқушылар саны – 250 болды.1972-1974 жылдары  Баитов Қабимолда Қыдырмолдаұлы алғаш рет домбыра сыныбын ашты және 1974-1980 жылдары оқу-ісінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1973 жылы Қаратал ауылында 50 балаға арналған мектептің қосымша бөлімі ашылды.                                                                                                                

1977-1986 жылдары 9 жыл бойы мектепті Жарсу ауылының тумасы Өскемен педагогикалық институтының түлегі, талантты музыкант, қабілетті басшы Рысбек  Жұмағалиев басқарды.                                                                                    

1984-1985 жылы Қаратал музыка мектебі болып жеке бөлініп, 100 оқушы оқыды. Қаратал музыка мектебінің директоры Аязбаев Әкеш Аязбайұлы болды. Құрманғалиев Серік  баян аспабынан сабақ берді, Бүкілодақтық халықтар творчествосы байқауының лауреаты, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер.

1977 жылдан бастап Есдаулетова Бағдат Оразбайқызы мектепте ұзақ жылдар фортепиано және теория-сольфеджио пәндерінен сабақ берді.

1981 жылы Исмайлова Ләззат Лепбайқызы ең алғаш қобыз сыныбын ашты.

Бекбосынов Зарлық Сағидоллаұлы 1981-1999 жылдары аралығында домбыра сыныбының мұғалімі, аудандық халық аспаптар оркестрінің белді мүшесі болды.

1980-1994 жылдары Құрымбаева Гүлзат Жұмажанқызы домбыра сыныбының мұғалімі болып жұмыс істеді. Республикаға танымал домбырашы, Бүкілодақтық халықтар творчествосы байқауының лауреаты.  1988 жылы Зайсан аудандық ұлт-аспаптар оркестрінің құрамында Болгарияның София, Пловдив қалаларында өнер көрсетті.

1982-1986 жылдары Ибраев Манарбек Құсманұлы алғаш скрипка сыныбын ашты.

1986 жылы Рысбек Жумағалиев аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл жерде қысқа ғұмырының соңына дейін аянбай еңбек етті.

 1986-1990 жылдар аралығында мектепті үрлемелі аспаптардың маманы Фрейнд Виктор Андреевич басқарды.

1989 жылы мектепте ең алғаш прима-домра сыныбын                                Биғалиев Арыстанбек Кәкімұлы ашты.

Имашев Мырзаш Имашұлы баян сыныбының мұғалімі болып жұмыс істеді.

1990-1997 жылдар аралығында Ризабек Құсманов басқарды. Оқушы саны 250 ден 330-ға дейін жетті.  Ауданда ұлт-аспаптар оркестрі өте жақсы дамыды. Оркестр ауданымызға ғана емес облыстағы, республикадағы белгілі өнер ұжымы болды. Болгар Халық Республикасына барып, ата-бабамыздың ән-күйін дәріптеп қайтты.

 Уәлиев Сағдолда Қадылбекұлы домбыра сыныбынан сабақ берді. Шертпе күйдің шебері, аудандық ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі болды.

Какиев Арыстанбек Оразұлы үрлемелі аспап- трубадан сабақ берді.

Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі», авторлар қоғамының мүшесі, сазгер-ақын.

1992 жылы мамыр айында мектептің 30 жылдық мерейтойы атап өтілді.

 1997-2001 жылдар аралығында мектеп нарық қыспағынан жабылып қалу қаупінде жұмыс істеді. Осы жылдары мектеп директоры Закиева Ләйлә Сейтқазықызы, оқу ісінің меңгерушісі Молдабаева Клара Баяхметқызы мектепті сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті.

 2002 жылы Музыка мектебі қала орталығындағы 1962 жылы салынған мектеп-интернатының жатақханасына көшірілді.

 2002-2009 жылдары Сиырбаев Серікбол Құнапияұлы мектепке басшылық қызмет атқарды. Музыка мектебі 28.01.2008 жылы Зайсан ауданы әкімдігінің № 129 қаулысымен «Зайсан аудандық көпсалалы көркем өнер мектебі» болып өзгерді. Мектебімізде бірнеше бөлімдердің ашылуына, оқушылардың санының көбеюіне еңбегін сіңірді. Мектебіміздің техникалық базасының өсуіне, жөндеу жұмыстарының осы заманға сәйкес болуына көп күш салды. Демеушілер тауып, оқушыларды облыстық, республикалық сайыстарға қатысуына мол ықпал етті. Мұғалімдерді уақытында облысқа, республикаға барып, кәсіптік деңгейлерін көтеруге көп еңбегін сіңірді.

2009-2010 жылдары мектепті Топатаев Галимбек Мульянович басқарды. Мұғалімдердің уақытында облысқа, республикаға курстық оқуларға барып, біліктілік санаттарының жоғарылауына  ықпал етті.

 «Зайсан аудандық көпсалалы көркем өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны бөліну жолымен Зайсан ауданы әкімдігінің  2010 жылғы 27 тамыз № 63 қаулысы негізінде «Зайсан аудандық балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік  қазыналық кәсіпорыны болып қайта құрылды. Осыншама жылдар аралығында оқушылар аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындар алып, лауреаттар атанып, дипломдармен марапатталды.

  2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін мектеп басшылығы қызметін     Адильбаева Венера Арғынқызы атқаруда. 2011 жылдың қыркүйек айынан Дайыр, Қаратал ауылдарынан  филиал ашылды. Қазіргі уақытта  87 оқушы домбыра, бас қобыз, баян, қобыз, би сыныптарынан дәріс алуда. Оқушылар аудандық, облыстық республикалық байқаулармен қоса  халықаралық деңгейдегі байқауларға  да  қатыса бастады.

2018 жылдың қараша  айынан  бастап  Кеңсай  ауылынан  және  2021 жылдың  ақпан айынан  Шілікті ауылынан филиал ашылды.Қазіргі  уақытта  42 оқушы домбыра сыныбы бойынша дәріс алуда.

2021 жылдың  16 шы қаңтар айынан бастап «Зайсан аудандық балалар музыка мектебі» коммуналдық мемелекеттік қазыналық кәсіпорны, «Азаматтарға арналған үкімет» мемелекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Зайсан аудандық тіркеу және кадастры бөлімі бойынша,Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.

 Қазіргі таңда Зайсан аудандық балалар музыка мектебінде  34  мұғалім оқушыларға дәріс береді. Ауданымыздың барлық мәдени шараларына ұстаздар қауымы мен оқушылар белсене қатысады. 2020-2021жылдар аралығында мектебімізде  628  оқушы білім алуда. Оқушыларға 13 жоғары санатты, 8  бірінші санатты, 9 екінші санатты, 4 мұғалім санаты жоқ жұмыс атқаруда.

2020-2021 жылдар аралығындағы жетістіктерге тоқталатын болсақ, халықаралық, республикалық және облыстық конкурстардан аспапта ойнау жанры  және хореография бөлімі бойынша  17 оқушы бас жүлдеге,49 оқушы І-орын,24 оқушы  ІІ-орын және 8 оқушы ІІІ-орындарға ие болды.

Адильбаева Венера Арғынқызы мектебімізге оқу құралдары мен аспаптарды көбейтуге, жөндеу жұмыстарының осы заманға сәйкес болуы үшін аянбай еңбек етіп, оқушылардың облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуына,  мұғалімдерді уақытында облысқа, республикаға барып, кәсіптік деңгейлерін көтеруге мол ықпал етуде.

Алдағы уақытта мектеп ұжымы сақталып келе жатқан бірліктің, ұйымшылдықтың арқасында әлі де талай биік мақсаттарға жетіп, жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беруге бір кісідей еңбек етеді.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Адильбаева Венера Аргынкызы

                                                              Ұялы тел.  87751999174

                                                  87717740900

27 мамыр 1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласында дүниеге келді.

Білімі -  жоғары

Санаты - жоғары

1990-1994 жылдар аралығында Өскемен музыкалық училищесінде оқып, 2002-2005 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін  тәмәмдады.

Мамандығы - Домбыра сыныбының оқытушысы,  ансамбль және оркестр әртісі, көркемөнерпаздар оркестрінің жетекшісі, музыка мұғалімі.

1994 жылдан бастап Зайсан аудандық балалар музыка мектебінде домбыра сыныбының оқытушысы,  ансамбль  және оркестр жетекшісі

Лауазымы - 2010 жылдан бастап Зайсан аудандық балалар музыка мектебінің директоры.

 

 

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Адильбаева Венера Арғынқызына қысқаша мәлімет.

    Адильбаева Венера Арғынқызы, 1974 жылғы мамыр айының  27-інде Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында  туған.  Ұлты – қазақ,білімі – жоғары. Қазақстан Республикасының азаматы.  Орта мектепті бітіргеннен кейін 1990 жылы Өскемен қаласындағы музыка училищесінің Қазақ ұлт-аспаптар бөлімінің домбыра класына оқуға түсіп, оны 1994 жылы бітіріп шықты. 2002-2005 жылдар аралығында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тәмамдады.  Ұстаздық еңбек жолын Зайсан аудандық балалар музыка мектебінде 1994 жылдан бастады, 2010 жылдан осы уақытқа дейін  мектептің директоры қызметін атқарып келеді. Жетістіктері: «Бейбітшілік әлемі» президенті, Қазақстан және Евразия Жазушылар Одақтарының  мүшесі,  э,ғ,д, профессор, академик А.А.Нұрмановтың атынан «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ творчестволық Бірлестігінің бес жылдығына арналған «Тәуелсіздік-тірегім, теберігім» атты ІV-Халықаралық балалар фестиваліне белсене зор үлес қосқаны және балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру  ісіне сіңірген мол еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды және Алтын медальға ие болды. ШығысҚазақстан облысы Мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омардың атынан Облыстық «Туған ел-алтын бесігім» акциясында үздік өнер көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды.Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» МКҚК директоры А.Б.Байсымакованың атынан   ІІ-Республикалық «Биші қайың» хореографиялық байқауына оқушыларды қатыстырып, тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда атқарған еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды. Астана қаласы «Астана старс» оргкомитеті А.И.Кусаинованың атынан Халықаралық «Музыка весны» фестиваль байқауына оқушыларды дайындағаны және мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Садыкованың атынан Шығыс Қазақстан облысының білім саласына қосқан зор үлесі үшін грамотамен марапатталды.Кеңес төрағасы А.В.Бруйдың атынан «Білім саласына қосқан үлесі үшін» медальмен марапатталды.Білім министрі А.Қ.Аймағамбетовтың атынан Құрмет грамотасымен марапатталды. Әр жыл сайын аудан әкімінің грамоталарына ие болды.    

 Оқушылары әр жыл сайын аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың  бас жүлде,  I-II-дәрежелі  лауреаттары.Басқарып отырған ұжымының аудандық,облыстық мәдени шараларға белсене қатысуына және жас ұрпақты тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп келеді.2000 жылдан бастап аудандық қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері.Өзінің жоғарғы деңгейдегі жетекшілік және орындаушылық шеберлігін неше дүркін дәлелдеп келе жатқан білікті де білімді басшы және жұмысына тиянақты, жаңа инновациялық тұрғыда ізденісі, жауапкершілігі мол жоғарғы санатты ұстаз.