Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

"Балалар музыка мектебі" КМҚК-да «ШЫҒЫС BALAFEST» балалар шығармашылығы фестивалінің хореография бағыты бойынша мектепішілік кезеңі жоғары деңгейде өтті.

«Жауқазын», «Алау» және «Шуақ» би топтарының талантты бишілері әртүрлі би жанрында өз шеберліктерін паш етіп, сахна төрінде өнерлерін көрсетті. Әр қойылым ерекше әсер сыйлап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, шабыт және алдағы кезеңдерде сәттілік тілейміз!