1 қазан Халықаралық қарттар күні бүкіл елде тойланады. Бұл күні барлық қарт адамдардың жомарттығы мен даналығына, азаматтықтың кемел шағына деген құрметтерін көрсетеді. Халқымызда «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Болыңыздар амандықта қарттарым,
Шырқалып бұл әрқашанда тәтті әнің.
Қазыналы қарттарым сен аман бол,
Гүлдей жайнап құлпырып бұл бақтарың.
Қарттар күні бар бақытын сыйласын,
Жаратқаным жар боп әркез лайым.
Қазыналы қарттарым сендер барда,
Күлімдейді аспанымда күн, айым.
Әрбір үйдің қазынасы сіздерсіз,
Бақ-береке сіздерменен орнайтын.
Қарттар күні қуаныштар көбейіп,
Сәттіліктер көптеп болсын жалғайтын... Бүгін ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің "Балалар музыка мектебі" ұжымының мүшелері осы ұжымның зейнетке шыққан ұстаздары мен қарттарын мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын табыстап қайтты. Еңбектерінің зейнетін көріп отырған қарттарға зор денсаулық пен балаларының қызығын көріп, бақ пен берекенің ұйтқысы болуларына тілектес екенін білдірді.






