Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

Енді "Ақбала" балалар театры өз жұмысын жаңа ұжыммен жалғастырмақ! Зайсан аудандық Балалар музыка мектебінің қолдауымен "Ақбала" балалар театры өз қатарын толықтырып, жұмысын бастап кетті. Қуантарлығы, ауданымызда театрға деген қызығушылығын білдіретін отбасылар өте көп екен. Қабылдау әлі жүріп жатыр. Келіңіздер! Есігіміз ашық!

Болашақта сіздермен бөлісетін жаңалықтарымыз өте көп! Бізбен бірге болыңыздар! Ауданымыздың өнерін бірге дамытайық!