Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

2026 жылдың 9 қазан күні Зайсан ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «JASYL EL» жастар еңбек жасақтарының ХХІІ еңбек маусымының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Аудандық маңызды шарада Шығыс Қазақстан Облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның өнерлі «Жауқазын» би тобы өнер көрсетті. Дарынды өнерпаздарымыз «Ұлы дала жастары» биін асқан шеберлікпен орындап, көрермендердің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленді. 
Аудан көлеміндегі кез келген мәдени-қоғамдық шаралардан қалмай, мектебіміздің мерейін үнемі үстем етіп жүрген өнерлі жеткіншектерімізге және олардың жетекшісі Бейбітгүл Дисулканқызы Жанысбаеваға шексіз алғысымызды білдіреміз!