2026 жылдың 17 тамызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК-да әйгілі қазақ композиторы, көрнекті музыка қайраткері Латиф Абдулхайұлы Хамидидің туғанына 120 жыл толуына орай әдеби-сазды кеш өткізілді.
Кештің мақсаты – қазақтың кәсіби музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Латиф Хамидидің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, композитордың шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру және өнерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Кеш барысында мектеп ұстаздары композитордың өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы сыр шертіп, оның қазақ музыка өнеріндегі айрықша орнына тоқталды. Сонымен қатар, Латиф Хамидидің танымал және қазақ ақындары мен халық әндеріне жасалған өңделген шығармалары орындалып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.
Әдеби-сазды кеш барысында композитордың өмір жолы мен өнердегі еңбегі дәріптеліп, оның шығармаларының бүгінгі ұрпақ үшін де маңызы зор екені атап өтілді.
Латиф Хамидидің шығармашылық мұрасы – қазақ музыка өнерінің алтын қорындағы баға жетпес қазына. Оны дәріптеу – ұлттық өнерді ұлықтау!






