Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның оқушылары шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – асыл мұра» атты мерекелік шараға қатысып, ұлттық өнерімізді дәріптеді.!
Мерекелік кеште домбыра сыныбының 40 оқушысы қазақ күй өнерінің жауһары – Құрманғазының «Балбырауын» күйін бір мезетте орындап, қасиетті қара домбыраның күмбірлеген үнімен көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады. Жас күйшілердің орындауындағы күй ұлттық өнердің өміршеңдігін, халқымыздың бай мәдени мұрасын айқын көрсетті.!
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жас ұрпақтың бойына туған елдің тарихы мен мәдениетіне деген құрметті сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.!
Домбыраның қоңыр үні қазақ даласында мәңгі күмбірлей берсін! Ұлттық домбыра күні құтты болсын!






