СҮЙІНШІ, ЗАЙСАН! «ЖАУҚАЗЫН» БИ ТОБЫ - БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі Балалар музыка мектебінің «Жауқазын» би тобы облыстық «ШЫҒЫС BALAFEST» балалар шығармашылығы фестивалінде үздік өнер көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды! Мың бұралған биімен Шығыс өңірін тәнті еткен жас өнерпаздарымызға салтанатты түрде ақшалай сертификат та табысталды. Осынау зор жетістікпен «Жауқазын» би тобының дарынды мүшелерін, балалардың бойындағы талантты ұштап, сахнаға жетелеген аяулы жетекшісі - Жанысбаева Бейбітгүл Дисулканқызын және әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ардақты ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Киелі сахнаны бағындырған кішкентай жұлдыздарымызға таусылмас шабыт, жаңа шығармашылық табыстар мен бұдан да биік белестер тілейміз! Қанаттарың талмай, өнер көгінде әрдайым жарқырай беріңіздер, «Жауқазын»!






