1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған аудандық салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл айтулы мерекеде Балалар музыка мектебінің жас өнерпаздары ерекше белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салды!
Сахна төрінде күмбірлеген домбыра үні, сызылған әуен мен мың бұралған би көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Өз өнерлерімен көпшілікті тәнті еткен біздің кішкентай жұлдыздарымыз іс-шараның сәнін кіргізіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Айналайын, біздің өнерлі де дарынды балаларымыз! Сендердің жүздеріңдегі күлкі – әлемнің ең үлкен байлығы. Қадамдарыңа нұр жаусын! Өнер айдынында қанаттарың талмай, биік шыңдардан көріне беріңіздер. Еліміздің мақтанышы, өнердің нағыз жанашыры болып өсіңіздер. Жұлдыздарың әрдайым жарық, аспандарың ашық болсын! Мерекелеріңмен!






