Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

2026 жылдың 18 мамыр күні «Халықаралық музей түні» мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының «Зайсан тарихи-өлкетану музейі» КМҚК ұйымдастыруымен «Өзгермелі әлемдегі дәстүр мен заманауилық» атты мәдени-танымдық шара өтті.
Мерекелік кештің басты мақсаты – ұлттық құндылықтар мен заманауи мәдениеттің үндестігін насихаттау, өлке тарихын ұлықтау. Іс-шара аясында музейге келушілер қордағы бірегей жәдігерлермен танысып, арнайы дайындалған көрмелер мен шығармашылық қойылымдарды тамашалады. Шараның жоғары деңгейде өтуіне Балалар музыка мектебінің дарынды оқушылары ерекше үлес қосты. Алғашқы болып сахнаға шыққан «Жауқазын» би тобы «Бақытты балалық шақ» композициясын жоғары шеберлікпен орындап шықты. Дәстүрлі ән сыныбының оқушылары мен ұстаздары әннен шашу шашып, вокал сыныбының оқушылары әсем ән салды. Домбырашылар ансамблі А. Арыстанбековтың «Домбыра» шығармасын орындаса, жас өнерпаз Серікбек Әмір күй атасы Құрманғазының «Жима» күйін нақышына келтіре тартып, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді.
Мәдениетті қолдау мен рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған бұл шара келушілерге үлкен рухани әсер сыйлады.