Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

2026 жылдың 10 мамыр күні Семей қаласында өткен "Өнер алаңы" атты VII республикалық шығармашылық байқауы біздің мектеп үшін нағыз жеңіс пен қуанышқа толы күн болды. Шыңдалған шеберлік пен қажырлы еңбектің арқасында Зайсан ауданы "Балалар музыка мектебінің" оқушылары республика деңгейінде дара шығып, жеңіс тұғырынан көрінді!
Аспапта ойнау (домбыра):
Киелі домбыраның үнін күмбірлетіп, қазылар алқасын тәнті еткен Серікбек Әмір Супер гран-при (1-сынып, жетекшісі В.А. Адильбаева), Құмарбеков Аян (4-сынып, жетекшісі Т.Т. Кумарбекова) Гран-приді қанжығаға байлады!
Эстрадалық вокал:
Күміс көмей әншіміз Амангелді Амина (3-сынып, жетекшісі А.Ш. Жилкибаева) өзінің ерекше дауысымен Гран-при жүлдесін иеленді!
Хореография номинациясы бойынша "Шуақ" би тобы сахнаның сәнін келтіріп, нағыз рекорд орнатты!
3-сынып бүлдіршіндері "Сон про маму" және "Жетіген" билерімен екі бірдей Гран-приді иеленсе, 4-сынып оқушылары "Құстар" биімен Гран-при, жұптық «Таката» биі де Гран-при жүлдесіне ие болды. 5-сынып оқушылары "Зайсан еркелері" биімен байқаудың ең жоғарғы марапаты — Супер гран-при жүлдесін жеңіп алды! (Жетекшісі: С.Б. Болатханова)
Осынау биік белестерді бағындырған өнерлі оқушыларымыз бен олардың бойына өнер нәрін еккен қажырлы ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл — ұстаздың ұлағаты мен шәкірттің талабы ұштасқанда келетін үлкен жетістік. Өнер жолындағы қадамдарыңыз құтты болсын, жас таланттар! Шығармашылық биіктеріңіз бұдан да асқақтай берсін!