1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған аудандық салтанатты іс-шарада «Балалар музыка мектебінің» мың бұралған бишілері ерекше өнер көрсетті!
Біздің талантты ұжымдарымыз: «Жауқазын» би тобы (Жетекшісі: Б.Д. Жанысбаева) «Шашу» би тобы (Жетекшісі: С.Б. Болатханова)
Сахна төрінде еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің биін нақышына келтіре билеп, көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді. Достық пен татулықтың символына айналған бұл мерекеде жас өнерпаздарымыз ел бірлігін нығайтуға өз үлестерін қосты.
Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз! Шаңырақтарыңыздан бақ-береке, елімізден тыныштық кетпесін!






