Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

2026 жылдың 30 сәуір күні «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның өнерпаз оқушылары «ШЫҒЫС BALAFEST» балалар шығармашылығы фестивалінің аудандық кезеңінде бақ сынап, мектебіміздің абыройын асқақтатты!
Біздің мақтаныштарымыз:
Аспаптық өнер: Серікбек Әмір — І орын (Жетекшісі: В.А. Адильбаева)
Хормен ән айту: «Балалар хоры» — І орын (Жетекшісі: А.Ш. Жилкибаева)
Хореография: «Жауқазын» би тобы — І орын (Жетекшісі: Б.Д. Жанысбаева)
Вокалдық өнер: «Көктем» триосы — ІІ орын (Жетекшісі: А.Ш. Жилкибаева)
Шәкірттерімізді және оларды өнер биігіне баулыған ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық жолдарыңыз ақ, жеңісті күндеріңіз көп болсын!