Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

Құрметті қазақстандықтар!

Балалар музыка мектебінің ұжымы сіздерді Көрісу күні – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Бұл – адамдардың бір-бірімен қауышып, өкпе-ренішті ұмытып, ақ тілектерін арнайтын ерекше мейрам. Осындай ізгі күнде әр шаңыраққа амандық, молшылық, береке мен шаттық тілейміз. Жүректеріңіз әрдайым мейірім мен қуанышқа толы болсын.

Көктеммен бірге келген бұл жарқын мереке әр отбасыға жаңа үміт, жаңа қуаныш әкелсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, балаларымыздың күлкісі мен әсем әуені әрдайым төрімізден естіліп тұрсын.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Амал мерекесі құтты болсын!