2026 жылғы 13 наурыз күні Балалар музыка мектебінде өрт қауіпсіздігіне байланысты оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен мектеп қызметкерлеріне төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндіру, қауіпсіздік шараларын сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Оқу-жаттығу барысында өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, эвакуациялау тәртібі бойынша нұсқаулық жүргізілді. Қатысушыларға өрт туындаған жағдайда ғимараттан қауіпсіз шығу жолдары мен алғашқы қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат берілді.
Оқу-жаттығуға 1-ауысым бойынша барлығы 153 адам қатысты, оның ішінде:
120 оқушы
24 мұғалім
9 қамту қызметкері
Іс-шара жоспарға сәйкес өткізілді. Қатысушылар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, оқу-жаттығуға белсенді түрде қатысты.






