Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

Апталықтың қорытынды күні – шаттық пен сенімділіктің мерекесіне айналды. Бұл күннің басты мақсаты – қатысушылардың бойындағы сенімділікті арттырып, бір апталық еңбектің нәтижесін жарқын көңіл-күймен түйіндеу болды.

Алдымен өткен күндердегі үйренген дүниелерге жаттығу-қайталым жасалып, әр қатысушы өз шеберлігін шыңдай түсті. Кейін ата-аналар мен достарға арналған ашық көрсетілім ұйымдастырылып, өнерлі балалар өз таланттарын сахна төрінде еркін көрсетті. Күлкіге толы сәттер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кеш соңында «Ең күлкілі сәт», «Үздік кейіпкер» аталымдары бойынша үздіктер анықталып, белсенді қатысушылар марапатталды. Бұл марапаттар – балалардың шығармашылығына берілген әділ баға әрі жаңа жетістіктерге бастар ынталандыру болды.

Осылайша, апталықтың соңғы күні қуаныш пен шабытқа толы әсерлі сәттермен аяқталды.