Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

Балалар музыка мектебіндегі ақындар сыныбы – жас талапкерлерді поэзия әлемінің тылсым тереңіне жетелеп, болашақ ақындарды тәрбиелейтін тағылымы мол шығармашылық орда. Бұл сыныпта әр оқушы жүрегіндегі жыр сәулесін оятып, сөз құдіретін сезінуге, ой мен сезімді өлең өріміне айналдыруға қадам басады.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, Мұқағали Мақатаев оқуларына дайындық та қызу қарқынмен жүргізілуде. Жыр додасына шәкірттерді аудандық, облыстық, қалалық, республикалық кезеңдерге баптап қосу – үлкен жауапкершілік. Бұл жауапты істі ақындар сыныбының ұстазы Сейлханов Қазыбек Қабдрашитұлы оқу жылының алғашқы күндерінен бастап жүйелі түрде қолға алады.

Ұстаз шәкірттер арасынан жүйріктің ішінен жүйрікті таңдап, әрқайсының дарынын ұштап, шабытын шыңдауға мол тер төгеді. Оқушылар өлең жолын қиыстырудың сан қырлы тәсілдерін меңгеріп, ұйқас пен ырғақтың үйлесімін табуды, сөз маржанын тізіп, ойды көркем жеткізуді үйренеді. Шығармашылық ізденіс пен табандылықтың арқасында жас ақындардың таланты қанат қағып, биік белестерге самғайды.

Болашақ ақындарға айтарымыз – қаламдарыңыз мұқалмасын, шабыттарыңыз шалқар болсын! Ұстаздарына еңбегінің жемісін көріп, шәкірттеріңізбен бірге толағай табыстарға жете беріңіздер дейміз!