Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

Бүгін апталығымыздың ең көңілді, ең креативті күні өтті! Оқушыларымыз “Әзіл сахнасы” тақырыбында өздерінің актерлік шеберліктерін, тапқырлықтарын және командалық рухтарын керемет көрсете білді.

Балалар қысқа сценарийлер ойлап тауып, күнделікті өмірден алынған қызықты әрі мағыналы көріністер қойды. Әр топ өз идеясын ерекше форматта ұсынып, сахнада еркін қимылдап, көрерменді күлкіге бөледі.

Этюд жасау барысында оқушылар сөзсіз-ақ эмоцияны жеткізе алатынын дәлелдеді. Қимыл, мимика, дауыс ырғағы – барлығы үйлесім тапты. Репетиция кезінде жауапкершілік танытып, бір-біріне қолдау көрсетті.

Көрерменге бағыттау сәтінде сахна мәдениетін сақтап, сенімділікпен өнер көрсетті. Әр қойылым шынайы эмоцияға, шығармашылыққа және таза күлкіге толы болды.

Бүгінгі күн - балалардың талантын ашқан, батылдығын арттырған, шығармашылық қабілетін шыңдаған ерекше күн болды!

Оқушыларымызбен мақтанамыз!