11 ақпан – “Әзіл әлемі” апталығының 3-күні
“Сөзбен күлдіру”
Бүгін мектебімізде көңілді әрі шығармашылыққа толы күн өтті!
Күннің мақсаты – оқушылардың сахна тілін дамыту, ритм сезімін қалыптастыру және еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Күлкілі жаңылтпаштар арқылы дикциямызды шыңдадық
«Қате сөз» ойынында тапқырлық пен жылдам ойлау қабілетімізді көрсеттік
«Түсінбеген екі адам» диалогында сахналық шеберлігімізді байқаттық
Импровизация бөлімінде оқушылар еркін образға еніп, көрермендерді күлкіге бөледі
Сөзбен күлдіру – үлкен өнер!
Оқушыларымыз өздерінің тапқырлығы мен шығармашылығын тамаша көрсете білді.
Қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Апталығымыз жалғасады…






