Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

Бүгін, яғни 2026 жылдың 9 ақпан күні, «Балалар музыка мектебі» КМҚК-да актерлік шеберлікке даярлау сыныбының апталығы аясында «Әзіл әлемі» атты іс-шараның 1-күні өте қызықты әрі әсерлі басталды.

1-күн: Күлкімен танысу
Мақсаты: оқушылардың еркіндігін арттыру, қысылуды жою, эмоциялық ашылуына жағдай жасау.

Өткізілген жаттығулар:

«Аты-жөнімді күлкімен айту»

Айна жаттығуы (күлкілі эмоциялар)

Этюд: «Күлкі жұқпалы»

Талқылау: «Күлкі деген не?»

Іс-шара барысында оқушылар мен мұғалімдер белсенді қатысып, түрлі жағдаяттарға күліп, көтеріңкі көңіл-күйде болды. Күлкінің адам өміріндегі маңызы зор: ол креативті ойлауды және зейінді жақсартады, көңіл-күйді көтеріп, стресті азайтады.

Сондықтан әрдайым күліп, позитивті көңіл-күйде жүрейік!