2026 жылдың 28 қаңтар күні Балалар музыка мектебінде прима-домра сыныбының мұғалімі А.Б. Тлеуханова шертер аспабы бойынша 3-сынып оқушысы Қуат Аянамен «Абайдың музыкалық мұрасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты - ұлы сазгер Абай Құнанбайұлының қазақ музыкасы тарихындағы ерекше орнын таныту, оқушының музыка тыңдай білу және оны түсіну қабілетін дамыту. Абай әндерін оқушының санасына сіңіре отырып, эстетикалық және адамгершілік тәрбие беру, өнерді қадірлейтін, саналы әрі өнерлі азамат тәрбиелеу көзделді.






