2026 жылдың 24 қаңтарында Балалар музыка мектебінің фортепиано сыныбының түлегі, Абдуллиндер атындағы музыка училищесінің ІІІ курс студенті Аралбекова Арай жеке концертін өткізді. Арайдың өнерге деген талпынысы мен еңбегі көпшілікке қуаныш сыйлап, жас буынға өнеге болды. Жас өнерпазға шығармашылық шабыт, сарқылмас күш-жігер, өнер жолында сәтті қадамдар мен әрдайым тыңдарманның ыстық ықыласын тілейміз.






