Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

21 қаңтар күні аудандық Мәдениет үйінде Инженерлік әскерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында ҚР ҰҚК Шекара қызметі ШҚО бойынша департаментінің инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, полковник Сәбит Шайменұлы Әбдиев және Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ермек Ерланұлы Қорабаев сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Шара өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің “Балалар музыка мектебі” КМҚК-ның хореография сыныбының “Алау” би тобы “Қазақ” биін мың бұрала биледі, жетекшісі А.А. Ногайбаева. “Жауқазын” би тобы “Бипыл” биін биледі, жетекшісі Б.Д. Жанысбаева. “Шуақ” би тобының бишілері заманауи “Нас не догонят” биімен көрермендер ықыласына бөленді, жетекшісі С.Б. Болатханова. Инженерлік әскерлер күні құтты болсын!