Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК
2025 жылдың 27 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның АКТ залында аудандық мәдениет үйі мен балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы аудандық «Күй құдыреті» байқауы өтті. Байқау үш жас ерекшелігі бойынша өткізілді: 6–10 жас — кіші топ, 11–13 жас — орта топ, 14–17 жас — жасөспірімдер тобы. Кіші топ (6–10 жас) нәтижелері: І орын — 2-сынып оқушысы Елшатбеков Нұрғиса; ІІ орын — 4-сынып оқушысы Құмарбеков Аян; ІІІ орын — 3-сынып оқушылары Жамиев Бекасыл, Слямхан Қарақат және Бүршікұлы Нұрәли. Орта топ (11–13 жас) нәтижелері: Бас жүлде — 1-сынып оқушысы Серікбек Әмір; І орын — 2-сынып оқушысы Болатова Жанерке; ІІ орын — 5-сынып оқушысы Қайнолла Нұрай және 4-сынып оқушысы Айтқалиев Қаршыға; ІІІ орын — 1-сынып оқушысы Дарханұлы Төрехан, 4-сынып оқушылары Амангелді Аяулым, Дидарұлы Ілияс пен Қабденова Айназ, 5-сынып оқушысы Мұратбекова Амина. Жасөспірімдер тобы (14–17 жас): І орын — Даутханова Айым; ІІ орын — Бату Арыстан; ІІІ орын — Қасымов Шыңғыс. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар байқауға қатысқан барлық оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, алдағы уақытта да өнер биігінен көріне берулеріне тілектеспіз!