Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК
2025 жылғы 26 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Зайсан ауданы бойынша «Қаратал орта мектебі» КММ-де аудан әкімінің балаларға арналған Жаңа жылдық шыршасы өтті. Аталған мерекелік шарада «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның хореография бөлімінің оқушылары өз өнерлерін көпшілікке паш етті. «Жауқазын» би тобы «Ат шабыс», «Көңіл толқыны», «Рок-н-ролл», «Цыған» билерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ал «Алау би» тобы нәзік те әсем «Қысқы вальс» биін ұсынса, «Шуақ» би тобы «Жаңа жылдық көңіл күй» биімен кештің сәнін арттырды. Шараға қатысқан барлық оқушыларға тек сәттілік пен қуаныш тілейміз. Баршаңызды және өнер сүйер қауымды қазақ елін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!