2025 жылдың 20 желтоқсан күні Аудандық мәдениет үйінде «Адал азамат: еңбекпен өрілген ғұмыр» тақырыбында ұрпақ тәрбиесіне өмірін арнаған, биылғы оқу жылында зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарды ұлықтау кеші өтті.
Шара барысында аудан басшылығы мен білім саласының өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған педагогтерге зор құрмет көрсетті. Сонымен қатар, аталмыш мерекелік кеште «Балалар музыка мектебі» КМҚК - ның ардагер ұстазы Тұрғанбаева Ардақ Зайнолдақызы да арнайы құттықталып, еңбегіне лайық сый - құрмет көрсетілді.
Ұстаздарға арналған марапаттау рәсімі, әсем ән - шашу мен ауданымыздың бас ақыны Қ.Сейілхановтың арнауы кештің мазмұнын байытып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Ұзақ жылдар адал қызмет етіп, талай шәкірттің өмірлік жолына бағыт берген ардагер ұстаздарымызға көрсетілген сый - құрмет - өскелең ұрпаққа үлгі.
Осындай мазмұнды да тағылымды шараның өтуіне атсалысқан барша ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Ардақты ұстаздарымызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз!







