Фортепиано сыныбының есеп беру концерті
2025 жылдың 20 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК-нда фортепиано сыныбы оқушыларының есеп беру концерті өтті. Концерт барысында оқушылар шетелдік классик және отандық композиторлардың шығармаларын орындады. Аталған іс-шара жас өнерпаздардың шығармашылық деңгейін көрсетіп, тыңдармандарға рухани демалыс сыйлады. Фортепиано сыныбының мұғалімі Әсем Ерболқызы әр оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашып, олардың орындаушылық шеберлігінің жоғары деңгейде қалыптасуына ықпал етуші ұстаз. Концертке қатысқан оқушыларға алдағы шығармашылық жолдарында табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз






