Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

60 жасқа толған асыл ұстаз, парасатты тұлға Қазыбек Қабдрашитұлын шәкірттері ерекше ықыласпен құттықтады.

Республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі балалар айтыстары мен жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жүлдегерлері - Балғабаева Айғаным мен Қуатбек Ұнар өздерінің жүрекжарды бейнеқұттықтауын жолдап, ұстазға деген алғыс пен құрметтерін білдірді.

Өнерімен елге танылған шәкірттердің осындай ықыласы - ұстаз еңбегінің жемісі, шынайы бағасы.

Мерейлі 60 жасыңыз құтты болсын, Қазыбек Қабдрашитұлы!

Шәкірт сүйіндіріп, ел ертеңін тәрбиелей беріңіз. Мерейтойыңыз құт-берекеге толы болғай!