2025 жылдың 7–8 қараша күндері Өскемен қаласында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Зайсан ауданының Мәдени күндері өтті. Шара облыстық филармонияда ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары қала жұртшылығын ән мен күйге бөлеп, өз өнерлерін паш етті. ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК хореография сыныбының «Шуақ» би тобы қазақтың нәзік те ырғақты «Шолпы» биін мың бұрала орындап, көрерменнің зор ықыласына бөленді. Өнерлеріңіз өрлей берсін, шуақты би қадамдарыңыз сәттілікке бастай берсін!






