Қырғызстанның халық әртісі Жамал Сейдакматова атындағы «Тұңғыш» балалар мен жасөспірімдер театр шығармашылығының
I Халықаралық онлайн байқауындағы жеңістермен құттықтаймыз! 

ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің "Балалар музыка мектебі" КМҚК актерлік шеберлікке даярлау сыныбының:

"Ақбала" театры – әдеби-музыкалық композиция номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды!
Жетекшісі: ҚР мәдениет саласының үздігі Құсанбаев Бейбіт Азатбекұлы.

"РевиZорикс" театры – комедия номинациясы бойынша жүлделі I-орынға ие болды!
Жетекшісі: педагог-зерттеуші Сапарова Назгүл Мырзахметқызы.

Жетістіктеріңіз құтты болсын!
Балаларымыздың өнерге деген құлшынысын оятып, талантының ашылуына еңбек етіп жүрген ұстаздарға алғыс білдіреміз.
Шығармашылықтарыңыз өрлей берсін!