2025 жылдың 21 қараша күні ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің "Балалар музыка мектебі" КМҚК-ның ұжымы ауданымыздың бас ақыны, Зайсан ауданының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Қазыбек Қабдрашитұлының 60 жасқа толуына орай мерейтойлық салтанатты іс - шара ұйымдастырды.
Мектеп оқушылары мен ұстаздары әдеби-сазды құттықтаулары мен ақ ниетке толы тілектерін білдірді.
Салтанатты кешке аудан әкімінің орынбасары Ермек Ерланұлы Қорабаев қатысып, мерейтой иесін аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызының және аудандық мәслихат төрағасы Еркебұлан Серікұлының атынан Алғыс хат табыстап, құттықтауларын жеткізді.
Ұлағатты ұстаз, беделді әріптесіміз Қазыбек Қабдрашитұлына мықты денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілейміз!






