Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Балалар музыка мектебі" КМҚК

2025 жылдың 19 қараша күні ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми - әдістемелік "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен "Сиқырлы би әлемі" облыстық хореографиялық конкурс - фестиваліне "Балалар музыка мектебі" КМҚК - ның хореография сыныбының "Жауқазын" би тобы қатысып, жүлделі орындарды қанжығалап қайтты.

Халық биі, халықтық стилінде би номинациясы бойынша "Дала жастары" биі Бас жүлдені, Классикалық стиліндегі би номинациясы бойынша "Ұстаз-білім шырағы" биі жүлделі 2-орынды, Халық биі, халықтық стилінде би номинациясы бойынша "Корей" биі жүлделі 3-орынды иеленді.

Би ұжымының жетекшісі Жанысбаева Бейбитгул Дисулканкызы.

Жүлделі орындар құтты болсын. Әрқашан биіктерден көріне беріңіздер!