2025 жылдың 7-8 қараша күндері Өскемен қаласында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Зайсан ауданының мәдени күндері өтті. Шара облыстық филармонияда ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары қала жұртшылығын ән мен күйге бөлеп өнерлерін көрсетті. ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балалар музыка мектебі» КМҚК-ның ұстаздары «Мұрагер» халықтық ұлт аспаптар оркестр құрамында композитор С. Әліштің «Дала үні», Е. Үсеновтың «Абай әндеріне жазылған фантазия» шығармаларын ойнап, халық әні «Бипылды» сүйемелдеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері В.А. Адильбаева. Мектебіміздің хореография сыныбының «Шуақ» би тобы қазақтың «Шолпы», заманауи «Нас не догонят» билерін мың бұрала биледі. Мектеп ұстаздары А.Д. Нұрасыл ансамбль құрамында қыл қобыз ойнап, К.Қ. Құрманғалиева мен А.Қ.Манасбаева әсем әндерін шырқады. Облыстық шараға үлес қосқан өнерпаздарға әрқашан биіктерден көріне беріңіздер дегіміз келеді.