Шарада салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасын тапты. Музыка мектебінің вокал сыныбы мұғалімі А.Ш.Жилкибаева ұжым мүшелерімен музыка мектебі ұстаздарының хорына жетекшілік етсе, "Алау" және "Жауқазын" би топтарының бишілері мың бұралған биімен сахнада өнер көрсетті. Домбыра сыныбының мұғалімі Т.Т. Құмарбекова, прима-домра сыныбының мұғалімі Г.А. Иманкулова Сүгірдің "Ыңғай төк" күйін, қобыз сыныбының мұғалімі А.Қ. Нұрашева түріктің "Дум тэк-тэк" шығармасын орындап, домбыра сыныбының мұғалімі К.Қ. Құрманғалиева әсем әнімен қонақтарды тәнті етті.
Балалар музыка мектебінің ұжымы Зайсан технология колледжінің ұжымын мерейтоймен құттықтап, мол табыс, толағай жетістіктер тілейді!






