2025 жылдың 24 қазан күні Зайсан аудандық мәдениет үйінде Қазақстан республикасының Ұлттық мерекесі - Республика күніне арналған салтанатты жиын мен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Салтанатты жиынның соңынан құрамында Балалар музыка мектебінің ұстаздары өнер көрсеткен "Мұрагер" ұлт аспаптар оркестрі, дирижері В.А. Адильбаева және мектебіміздің хореография сыныбының жетекшісі Б.Д.Жанысбаева "Жауқазын" би тобы, жетекшісі А.А.Ноғайбаева "Алау" би тобының бишілері өнер көрсетіп халықтың қошеметіне бөленді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!






