Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу - әдістемелік орталығы 2025 жылы қазан айының 9 - 10 күндері Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы нөмір екінші орта мектебінде музыкалық, көркем - эстетикалық бағытта балаларға қосымша білім беру ұйымдары басшыларының "Музыкалық және көркем - эстетикалық білім беру аясында адал азамат пен кәсіби маман қалыптастырудағы заманауи тәжірибелер мен даму бағыттарының миссиясы" тақырыбында үйлестіру кеңесі жоғары деңгейде өтті. Бұл іс - шараға Қазақстанның түкпір - түкпірінен қосымша білім беру мекемелерінің директорлары қатысып, тәжірибелерімен алмасты.
9 қазан "Эстетикалық тәрбие мен кәсіпқойлықты қалыптастырудың заманауи тәсілдері" тақырыбында барлық типтегі және түрдегі білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне арналған WORKSHOP - семинары және секциялық отырыстар, 10 қазан республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы мазмұны терең, кәсіби тұрғыда пайдалы және ұйымшылдықпен өткізілді.Іс - шараны жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырған
Республикалық оқу - әдістемелік орталығының басшылығына, жетекшіміз Дидар Мақсұтханұлына , сонымен қатар барлық қатысушыларды жылы қабылдап, қонақжайлық танытқан, іс - шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Алматы облысының қосымша білім беру ұйымдарының басшыларына және ұжымдарына, осындай үлкен шараның өту барысында барлығын ұйымдастырып үлгілі басшы ретінде көрсеткен Жанар Өмірбекқызына алғысымыз шексіз.
Барлық әріптестеріме зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін!






