2025 жылдың 3 қазан күні Зайсан ауданы білім бөлімінің "Мұғалім - мәңгілік мәртебе!" атты іс-шарасына Балалар музыка мектебінің өнерлі оқушылары ат салысып, өнер көрсетті. Вокал сыныбы оқушыларының әсем, әуезді әндері мен хоры, хореография сыныбы оқушыларының ұстаздарға арналған композициялары мен билері мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Балалар музыка мектебінің оқушылары барша ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтайды!