2025-2026 оқу жылы жаңа білім ордасы Сауыр жалпы білім беру орта мектебінің ашылуымен Зайсан қаласы жұртшылығын қуантты. Білім ордасының ашылу салтанатында ақ жарма бата-тілектер, әсем ән мен билер, күмбірлеген күйлер ойналды. Балалар музыка мектебінің домбырашылар ансамблі "Ер тұран", "Балбырауын", "Дала рухы" сынды күйлерін тартып, вокал сыныбының оқушылары Ануарбекова Ұлпан мен Амангелді Амина А. Дүйсенбиевтің "Мектебім сәулетті мекенім" әнін шырқады. "Жауқазын" би тобы "Шашу" биімен мың бұрала билеп, домбыра сыныбының мұғалімі

Құрманғалиева Камшат Ұ. Жамалбектің "Қазақ елім" әнін шырқады.

Жаңа білім ордасының ашылуы құтты болсын!