ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің "Балалар музыка мектебі" КМҚК 2024-2025 оқу жылының түлектерін ұшырды. Киелі білім ордасынан биыл 70 түлек оқуды тәмәмдап отыр . Ұстаздар мен ата-аналар түлектердің "Биік самға, жас түлек!" атты мемлекеттік куәлік алу кешінде толғанысқа толы, жүрек жарды ақ тілектерін білдірді.

Түлектерге сәт сапар, ақ жол тілейміз!