ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің "Балалар музыка мектебі" КМҚК-ның домбыра және шертер сыныбы оқушыларының бірлескен "Туған өлкем" атты ата-аналарға есеп беру концерті өтті.

Әсем ән салып, күмбірлеген күй ойнаған, мың бұрала билеген өнерпаз жеткіншектердің жетекшілері домбыра сыныбы мұғалімі Тоқтасынова Жанар Қайролдақызы және шертер сыныбы мұғалімі Тлеуханова Анар Болатбекқызына ата-аналар алғыстарын білдірді. Өнерлі балалардың болашағы жарқын болсын!