Рамазан – қайырымдылық айы, бұл айда игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз сауапқа еселенетіні белгілі. 2025 жылдың 28 наурыз күні Зайсан аудандық Балалар музыка мектебі және аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қайырымдылық концерті өткізілді. Қайырымдылық шарасынан 500 000 (бес жүз мың) теңге түсіп, науқас нәрестенің ата-анасына табыс етілді. Айлардың сұлтаны болған әр ісімізге шексіз сауаптар жазылған қасиетті айда жасаған игі амалдарымызды Алла қабыл етсін!