"Білім айнасы" республикалық
ғылыми танымдық редакциясы
ұйымдастырған Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының
шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген "Абай оқулары" байқауында ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің "Балалар музыка мектебі" КМҚК -нің актерлік шеберлікке даярлау сыныбының 15 оқушысы жүлделі І орынды, 20 оқушысы ІІ орынды, Жақсылық Заманбек "Көрермен көзайымы" номинациясына ие болды.
Жетекшісі Бейбіт Азатбекұлы Құсанбаев Құрмет грамотасымен марапатталды. Жүлде құтты болсын!