Қазақстан республикасы оқу-ағарту министрлігі республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Ұжымдық музыка: Қазақ халық аспаптар ансамблі мен оркестрінде бірге ойнау дағдылары" тақырыбында онлайн вебинар өткізілді. Вебинар модераторы Балалар музыка мектебінің директоры В.А. Адильбаева "Қазақ халық аспаптар ансамблі мен оркестрінде бірге ойнау дағдылары" тақырыбында баяндама оқып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Әр өңірден спикерлер баяндама жасап, өз тәжірибелерін ортаға салды.