Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің "Балалар музыка мектебі" КМҚК жанынан құрылған "Ақбала" балалар театры "Өлең сөздің патшасы" тағылымды қойылымының премьерасын өткізді. Оқушылардың өнерін тамашалаған көрермендер, ата-аналар өнерпаз балаларды құттықтап, өнерге баулыған ұстазы ҚР мәдениет саласының үздігі Бейбіт Азатұлы Құсанбаевқа алғыстарын білдірді. Аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы оқушыларды құттықтады.
Өнерлі балалардың болашағы жарқын болсын!