Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің "Балалар музыка мектебі" КМҚК-ның дәстүрлі ән сыныбы мұғалімі Х. Хуатбек "Күміс көмей" тақырыбында танымдық сағатын өткізді. Дәстүрлі ән өнерінің негізін салушылар өмірінен сыр шертіп, оқушылары Қуатұлы Айбын (1-сынып), Хасенова Айзере (3-сынып), Тоқтарбек Бағжан, Тоқтарбек Балжан (4-сынып) әсем ән салып, өте әсерлі танымдық сағатын қорытындылады.